«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Актер Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

89 жасқа қараған шағында көрнекті қазақстандық актер және режиссер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеден өтті. Бұл туралы жексенбі, 21 желтоқсанда Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев хабарлады.

Асанәлі Әшімов — қазақтың театр және кино өнерінің ірі тұлғасы, актер, режиссер, сценарист әрі педагог. Ол Қазақстанның Еңбек Ері (2017), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1976) және КСРО халық әртісі (1980) атақтарының иегері.

Өнер қайраткері 1937 жылғы 8 мамырда Қазақ КСР-інің Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр факультетін тәмамдады. 1961–1963 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарды.

1963 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер әрі режиссер ретінде еңбек етті. Театр сахнасында шамамен 50-ге жуық рөл сомдап, 1987–1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі болды.

Сонымен қатар ол Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық етіп, бірнеше буын өнерпаздың тәрбиеленуіне үлес қосты. 2017 жылы театр сахнасындағы шығармашылық қызметін аяқтау туралы түпкілікті шешім қабылдағаны белгілі болды.

Асанәлі Әшімов көрерменге «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Маньчжур нұсқасы», «Шоқан Уәлиханов», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» және басқа да көркем фильмдер арқылы кеңінен танылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Атамекенге қош келдің!» – ұлттық рух пен бірлік мерекесі

Redaktor Shyn-Ar

Түркістан облысында 12 адамның қазасынан кейін жаппай тексеріс басталды

Екібастұз Қазақстанның моноқалалар тізімінен шығарылды