«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

«Не қылған сүмеңдеген жүріс»: депутат Назарбаевтың елден шығуына қатысты заң ұсынды

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларды білетін бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңнамалық тұрғыда реттеуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, бұрын елді ұзақ жыл басқарған, мемлекеттік маңызы бар ақпараттарға қол жеткізген тұлғалардың әрекеті мемлекет қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ол экс-президенттер, министрлер және өзге де жауапты қызмет атқарған лауазымды тұлғалардың елден шығу тәртібін заңмен нақтылауды ұсынды.

«Мемлекеттік құпияларды білетін тұлғалардың (экс-президент болсын, министр немесе басқа да жоғары лауазымды қызметкер болсын) шетелге шығуын реттейтін арнайы заң қажет болуы мүмкін. Осыған заңгер-депутаттар бастамашылық жасай ала ма?» – деп жазды Ермұрат Бапи.

Сонымен қатар ол мұндай шектеулердің Қазақстанның халықаралық міндеттемелері мен мемлекетаралық конвенцияларына қаншалықты сәйкес келетінін көтерді. Депутаттардың өзі де мемлекеттік құпияға қатысты белгілі бір талаптарға бағынатынын атап өтті.

Ермұрат Бапи кейбір бұрынғы жоғары лауазымды тұлғаларға ел қауіпсіздігі үшін алдын ала шекаралық бақылау тетіктерін енгізу мүмкіндігін қарастыруды да ұсынды. Оның пікірінше, мұндай қадамдар мемлекеттік билік пен халықтың мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Арман Қырықбаев: Мемлекет басшысы – жаңа Конституцияның негізгі авторы

Шенеуніктерге арналған люкс көліктер: министрлік 93 млн теңге бөлмек

Танымал заңгер әрі блогер Молдахан Әділетхан қамауға алынды