«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратҚоғам

Қазақстанда казино саны көбейеді

Қазақстанда тағы төрт өңірде казино ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Жаңа ойын аймақтары Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында пайда болуы мүмкін. Билік бұл бастаманы туризмді дамыту құралы ретінде ұсынып отыр, алайда қоғамда бұл шешімге қатысты сұрақ көп.

Қабылданған заңға сәйкес, Бурабай мен Қапшағайдағы қолданыстағы ойын аймақтарынан бөлек, казинолар Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында, Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Алакөл маңында, Алматы облысының Талғар ауданында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл аумағы мен Зайсан ауданында орналастырылуы мүмкін. Дегенмен, нақты қай жерде салынатыны әзірге белгісіз.

Министрдің айтуынша, ойын аймақтарын анықтау – орталық биліктің құзырында, ал нақты жер телімдерін таңдау жергілікті әкімдіктерге жүктеледі. Бұл шешімдер инфрақұрылымның дайындығына және өзге де факторларға байланысты қабылданбақ. Яғни, казинолардың нақты қай жерде бой көтеретіні әкімдердің шешіміне тәуелді.

Ербол Мырзабосынов әрбір жаңа казино жыл сайын бюджетке 2–3 миллиард теңге салық түсіріп, шамамен 500 жұмыс орнын ашады деп сендіреді. Сонымен қатар, ол ойын бизнесіне ешқандай салықтық жеңілдіктер қарастырылмағанын айтып отыр. Оның сөзінше, казинолар әрбір ойын үстелі үшін жеке салық төлейді.

Соған қарамастан, Үкімет ойын аймақтарының саны болашақта одан әрі көбеюі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Билік үшін бұл – туризмді дамыту жобасы, ал қоғам үшін – әлеуметтік тәуекел мен экономикалық тиімділік арасындағы даулы таңдау болмақшы—мыс.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

Redaktor Shyn-Ar

Ауыл шаруашылығы министрлігі екі облысты шегіртке басқанын жоққа шығарды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстандықтар Magnum сауда үйіне «Байкот» жариялады