«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Бектенов: Министрлер мен әкімдер нақты нәтиже көрсетуі тиіс

Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрлер мен әкімдерге қатаң талаптар қойды. Бұл міндеттерді Премьер-министр Олжас Бектенов 21 қаңтарда өткен Үкімет отырысында тағы да нақтылап өтті.

Үкімет отырысында Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жариялаған бастамалар бұған дейін қолға алынған ауқымды саяси реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастамалар елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған.

Премьер-министр Қазақстанның заманауи сын-қатерлерге қарсы тұруына негіз болатын басты идеологиялық ұстанымдар айқындалғанын жеткізді. Атап айтқанда, қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен Тәртіп» қағидаттары негізгі құндылық ретінде белгіленді. Сонымен қатар ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан» бастамасы да басым бағыттардың қатарында.

«Бұл қағидаттар елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Олжас Бектенов.

Сонымен бірге Үкімет басшысы Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі дамытуға қатысты қойған міндеттерін нақты іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

«Президент әрбір жауапты лауазымды тұлғадан батыл әрі тың инновациялық шешімдер қабылдауды талап етті. Бұл барлық сала мен өңірге қатысты. Әрбір министр мен әкімнен көзге көрінетін, нақты нәтиже күтіледі», – деп атап өтті Премьер-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қаңғыбас иттерге қатаң шаралар енгізіледі

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 200 мың теңгеге көтеру туралы петиция жарияланды

“Неге сонша нақұрыс болдыңдар”: қазақтарды “құлдар” деп қорлаған әйелге шағым түсті

Redaktor Shyn-Ar