«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

ChatGPT-ге кіру қиындай ма: жасты селфи арқылы растау енгізіледі

ChatGPT пайдаланушылардың жасын анықтауға арналған жаңа жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа механизм аясында жасанды интеллект қолданушының кәмелетке толғанын селфи арқылы растауды талап етуі мүмкін.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құжат тексеруге емес, көп деңгейлі талдау жүйесіне негізделген. Қолданыстағы қорғаныс механизмдері арқылы модель пайдаланушының 18 жасқа толған-толмағанын анықтайды.

Егер жүйе қолданушыны кәмелетке толмаған деп белгілесе, ChatGPT-ді пайдалану уақытша шектеледі. Мұндай жағдайда жасты тез растау мүмкіндігі беріледі. Блоктауды алып тастау үшін әзірлеушілер Persona қызметі арқылы тексеруден өтуді ұсынады. Бұл сервис жеке тұлғаны қауіпсіз сәйкестендіруге арналған және пайдаланушыдан селфи жасауды талап етеді.

Жаңа шектеулер кәмелетке толмағандарды қауіпті контенттен қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, зорлық-зомбылық пен шамадан тыс қатыгездік көріністері, балаларға зиян келтіруі мүмкін қауіпті «челлендждер», сондай-ақ сексуалдық, романтикалық немесе агрессивті мазмұн бұғатталады.

Компания бұл жүйе жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттырып, пайдаланушының жасына сәйкес контентті дәлірек реттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жаңашылдықтың нақты қашан іске қосылатыны әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС қанша қаржыға салынады?

Қазақстандағы екінші АЭС құрылысын Қытайлық компания салады

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы