«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даудан кейін жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев Қарағандыда орын алған даудан кейін жаңа қызметке тағайындалды. Ол Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі — жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі қызметін атқарады.

Министрліктің мәліметінше, бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация тетігі аясында қабылданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен қызметтерінен босатылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы LRT екі аптада шамамен 200 млн теңге табыс тапты

Damumed пен МӘСҚ-ға қатысты заңсыз схема: Астанада жекеменшік клиника басшысы сотталды

ЖИ мұғалімді алмастыра ала ма?

Redaktor Shyn-Ar