«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Шенеуніктерге арналған люкс көліктер: министрлік 93 млн теңге бөлмек

Құрылыс министрлігі шенеуніктерге арналған жеті қызметтік көлікті жалға алуға 93,4 миллион теңге жұмсамақ. Индустрия және құрылыс министрлігі мемлекеттік сатып алу порталында автокөліктерді жалға алу бойынша конкурс жариялады.

Хабарландыруға сәйкес, министрлік 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында жеті автокөлікті пайдалануды жоспарлап отыр. Қызметтің жалпы құны 93,4 миллион теңге деп бағаланған.

Құжатта көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінде KZ, QR, UD және IB әріптік индекстері болуы тиіс екені көрсетілген. Бұл белгілер Президент әкімшілігіне, Парламент пен Үкімет ғимараттарына кіруге мүмкіндік береді.

Алты седанның шығарылған жылы 2020 жылдан ерте болмауы керек, ал бір көлік 2023 жылдан ескі болмауы тиіс. Техникалық талаптарға сәйкес, көліктер қара түсті, былғары салонды, автоматты беріліс қорабымен және дабыл жүйесімен жабдықталуы қажет. Сондай-ақ көлік іші таза әрі иіссіз болуы, қыста жылытып, жазда салқындату жүйелері жұмыс істеуі тиіс.

Жалға беруші тарап көліктерді сақтандыруды, тұрақты техникалық қызмет көрсетуді өз есебінен қамтамасыз етеді. Министрлік қызметкерлері көліктердің жүріп өткен жолын жол парақтары арқылы бақыламақ. Ал нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем жеткізушінің бекітілген тарифтері бойынша жүргізіледі.

Жүргізушілерге де бірқатар талап қойылған: кәсіби біліктілік, күнделікті медициналық тексеруден өту, іскерлік киім үлгісін сақтау, құпиялылықты қамтамасыз ету және әр көлікке тұрақты жүргізушілерді бекіту. Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметкерлердің сұранысы бойынша көліктердің тәулік бойы, демалыс және мереке күндері де қолжетімді болуын қамтамасыз етуі керек.

Қызмет құнына жанармай, жөндеу жұмыстары, сақтандыру, салықтар, жүргізушілердің жалақысы және артық жұмыс уақытына төлем кіреді. Ал көлік істен шыққан немесе жол-көлік оқиғасына ұшыраған жағдайда, жеткізуші оны дереу басқа көлікке ауыстыруға міндетті.

Ұқсас жаңалықтар

Мұнай тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады – Трамп

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанға Болгария президенті ресми сапармен келеді

Ұлттық қор — ұрылар қоржыны ма? Павлодарлық шенеуніктің масқара ісі