«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратДенсаулық

Қант диабетін емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесінен алынады

2026 жылдан бастап қант диабетін емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесіне енгізілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев айтты.

Оның сөзінше, дәрі-дәрмектерді тегін алатын науқастардың көпшілігі экономикалық белсенді халыққа жатады. Бұл олардың МӘМС жарнасын өз бетінше төлеу арқылы медициналық көмектің толық пакетіне қол жеткізе алатынын білдіреді. Қазір Қазақстанда 500 мыңнан астам тұрғын қант диабетімен ауырады.

Вице-министр атап өткендей, бұл өзгеріс қант диабетімен ауыратын барлық науқастар тегін медициналық көмектен қағылады деген сөз емес. Дәрі-дәрмектің құнын өтеу азаматтардың өз есебінен, жұмыс берушінің есебінен немесе мемлекеттің есебінен жүргізіледі.

МӘМС жарнасын төлеуге мүмкіндігі жоқ науқастар – халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Қазір олардың саны шамамен 1 200 адам. Олар үшін жергілікті атқарушы органдар дәрі-дәрмек шығынын өтейтін болады.

Сақтандырылмаған адамдар жұмыс істесе, МӘМС жарнасын төлеуге міндетті. Егер жұмыссыз болса, жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік жеңілдігі бар санатқа кіру керек. Д немесе Е категориясына жататын азаматтар өз санатын анықтап, 2026 жылғы өзгерістерге дайын болуы қажет, – деді ҚР ДСМ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ләззат Шоманова.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаттардың тендерлерге қатысуына тыйым салу мәселесі қоғамда талқылануда

Алматының жаңа басшысы кім болады? 24 мамырда шешім қабылданады

Redaktor Shyn-Ar

Наурызда қанша күн демаламыз?