«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Ыстықкөлдегі төрт нысан Қазақстанның меншігінде қалады

Сенат Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында орналасқан жер учаскелерін жалға беру туралы шарт пен меншік құқықтарын реттеу жөніндегі келісімді ратификациялады. Құжаттар Қырғызстан аумағындағы қазақстандық курорттық-сауықтыру нысандарының қызметін жүзеге асыруға бірыңғай құқықтық негіз қалыптастырады.

Негізгі ережелер:

  • Қазақстанның меншігінде төрт нысан қалады: бір санаторий, екі демалыс үйі және бір спорттық-сауықтыру базасы;

  • Спорттық-сауықтыру базасынан басқа нысандарды 3–4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғырту міндеттемесінің мерзімі ұзартылады;

  • Жер учаскелері 49 жыл мерзімге жалға беріледі;

  • Қырғыз тарапы нысандарды тәркілеу бойынша шаралар қабылдамауға кепілдік береді. Нысандар тек мақсатты бағытта пайдаланылуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс 2009 жылғы келісімді ратификациялаған болатын. Аталған келісімге сәйкес, Ыстықкөл облысындағы жер учаскелері Қазақстанның уақытша пайдалануына берілген. Бұл аумақта шипажай, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру базасы орналасқан. Сондай-ақ инвесторлар тарту мүмкіндігі қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Атыраудағы қанды іс бойынша күдікті кінәсін мойындады

Қазақстанда шетелдік ер адам вейп үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды

Redaktor Shyn-Ar

Россия и США: мир в ожидании переговоров Путина и Трампа на Аляске