«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда наурыз айында тағы бір мереке пайда болмақ

2026 жылғы 15 наурызда өтетін бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мереке пайда болуы мүмкін. Егер азаматтар жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс берсе, бұл күн ресми түрде мемлекеттік мереке болып жариялануы ықтимал.

Конституция жобасының 94-бабына сәйкес, республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп белгіленеді. Құжатта жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетіні, ал осы уақыттан бастап қолданыстағы Конституцияның күші жойылатыны көрсетілген.

Қазіргі таңда Конституция күні 30 тамызда аталып өтеді. Бұл – 1995 жылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Негізгі заңы қабылданған күн.

Бұған дейін референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасы жарияланған болатын. Құжатқа сәйкес, Ата заң толықтай қайта жазылып, шамамен 84 пайыз өзгеріс енгізіледі. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясы мүшелеріне түзетулердің жиынтық жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, құжат білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарында мұқият пысықталуда. Мамандар нормалардың құқықтық және тілдік тұрғыдан дәл әрі түсінікті жазылуын қамтамасыз етуге, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтардың алдын алуға ерекше назар аударған.

Ұқсас жаңалықтар

Блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен

Redaktor Shyn-Ar

Касым-Жомарт Токаев: Между Казахстаном и Италией выстроены весьма прочные отношения

Қырғызстан ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні Қазақстанға қайтарды