Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылы жалған шот-фактура жасап, заңсыз ақша табу схемасын ұйымдастырған. Құжат жүзінде жұмыстар жасалған болып көрсетілгенімен, шын мәнінде ешқандай қызмет көрсетілмеген. Соның салдарынан мемлекетке шамамен 350 миллион теңге салық төленбей қалған.
Күдікті қылмыстан кейін жасырынып жүрген, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың наурызында ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
