«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратэкономика

Қазақстанда Қытаймен бірлесіп үш ірі электр станциясы салынады

Қазақстанда Қытай компанияларымен бірлесіп үш ірі электр станциясын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Жоба аясында еліміздің бірнеше өңірінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген нысандар бой көтермек. Атап айтқанда, Павлодар облысында қуаты 1000 мегаватт болатын ірі жел электр станциясы салынады. Сонымен қатар, Қарағанды облысында 500 мегаватттық жел электр станциясын іске қосу жоспарланған.

Ал Түркістан облысында қуаты 300 мегаватт болатын күн электр станциясы салынады. Күн станциясының құрылысы биылғы желтоқсанда басталып, 2027 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Қытай тарапы жобалардың негізгі инвесторы ретінде қатысады. Қазақстан жағы құрылыс жұмыстарына 25–30 пайыз көлемінде үлес қоспақ. Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2–3 жыл ішінде басталады деп жоспарланып отыр.

Жалпы үш нысанның инвестициялық бюджеті шамамен 2,2 миллиард долларды құрайды. Бұл жобалар елдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов темір жол жобаларын уақытылы пайдалануға беруді тапсырды

Премьер-министр бензиннің заңсыз экспортын бақылауды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған зымыран және дрон шабуылдарын айыптады