«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

ҰҚК: Проблемалық кредиттер қорының бұрынғы басшысы 11,4 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржы министрлігінің еншілес ұйымы – Проблемалық кредиттер қоры АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Даулет Бақбергеннің ұсталғанын хабарлады.

Тергеу мәліметінше, ол мемлекет меншігіне өтуі тиіс кепіл мүліктерді сатудан түскен қаражатты заңсыз иемденіп, мемлекетке 11,4 миллиард теңге көлемінде залал келтірді деп күдікке ілінген.

Сонымен қатар, күдікті мемлекеттік мүлікті төмендетілген бағамен сатып, салдарынан бюджетке 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат түспей қалғаны айтылады. Бұдан бөлек, құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілдегі жер учаскелерін заңсыз сатып алған. Осы әрекеттерден қорға шамамен 800 миллион теңге шығын келген. Іс аясында борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары да ұсталған.

Сот санкциясымен күдіктілер Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) және 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша қамауға алынды. Олардың мүлкіне тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды – ДСМ

Альфа ұрпақ: жаңа тәрбиені қажет ете ме, әлде ескі жүйе әлі де өзекті ме?

Конституцияның 30 жылдығына орай жаңа монеталар айналымға шығады