«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратБілім

Қазақстандық мұғалімдер енді аттестация тапсырмайды: Бірақ бұл бәріне қатысты емес

Қазақстанда мұғалімдердің аттестация жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді педагогтердің пәндік білімін бағалауға арналған ОЗП тестілеуі өткізілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті толықтай тоқтатылған. Тиісті хат бүгін білім басқармаларына жолданған.

Жаңа өзгерістер тек қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге ғана емес, декреттік демалыста болған педагогтерге де қатысты. Бұған дейін олар аттестациядан өтуге міндетті болса, енді бұл талап жеңілдетілді.

Сонымен қатар, «модератор», «сарапшы», «зерттеуші», «шебер» санатындағы мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары үшін де тестілеу толықтай алынып тасталды. Ал тестілеуге алдын ала төлем жасаған азаматтарға қаражаттары қайтарылады.

Алайда екі жылдан астам үзіліс жасап, басқа салаға кеткеннен кейін қайтадан педагогикаға оралған мұғалімдер үшін бағалау сынағынан өту талабы сақталады. Сондай-ақ, педагог мамандығына алғаш рет келетін тұлғалар міндетті түрде тестілеуден өтеді.

Бұл өзгерістер мұғалімдерге деген сенімнің артқанын және олардың кәсіби қызметін қолдауға бағытталғанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Ай сайын 178 мың теңге – қазақстандықтар неге ең көп қаражатты тамаққа жұмсайды?

Парламент реформасы және әйелдер квотасы: инклюзивті саяси жүйе, демократиялық тұрақтылық және азаматтық сананың эволюциясы

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда жоғары оқу орындарының грант конкурсына өтініш қабылдау басталды