«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Air Astana және FlyArystan жанармай туралы жалған мәлімет бергені үшін айыппұл төледі

Қазақстанда әуе отынына қатысты деректерді бұрмалағаны үшін ірі авиакомпанияларға әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету саласына жүргізілген тексеріс барысында Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ тарапынан авиаотын көлемі жөнінде бұрмаланған ақпарат ұсынылғаны анықталған.

Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс негізінде аталған компанияларға әкімшілік шара қолданылып, әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 432 500 теңге айыппұл салынды.

Министрлік өкілдері бұл бақылау шаралары авиация саласындағы ашықтықты арттыру және отын ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қала үстінде жойғыш ұшақтар ұшады»: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда никаб киюге тыйым салатын заң енгізілмек

Мектеп бітіру кештеріне тыйым салынды ма? Оқу-ағарту министрлігі қатаң мәлімдеме жасады