«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратДінҚоғам

“Жеті атаға дейін үйленуге болады” деген үстаздың мәлімдемесі сынға ұшырады

Screenshot

Данияр Кенжеұлы айтқан пікір әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Медресе ұстазы “жеті атаға дейін қыз алыспау міндетті емес” деген көзқарасын білдіріп, көпшіліктің сынына ұшырады.

Оның айтуынша, Құранда кімге үйленуге болады, кімге болмайтыны нақты көрсетілген, ал “жеті атаға дейін қыз алыспау” – діни емес, дәстүрлік ұстаным.

Бұл пікір қоғамда түрлі реакция туғызды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздың сөзі ресми ұстанымды білдірмейтінін мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ол бұған дейін де даулы пікірлері үшін ескерту алған.

Сонымен қатар, мамандар туыстық некенің медициналық тәуекелдеріне назар аударуда. Генетик дәрігерлердің айтуынша, жақын туыстар арасында неке болған жағдайда тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу ықтималдығы жоғары.

Дауға қалған ұстаз кейін әлеуметтік желіде түсініктеме беріп, бұл жағдайдың әдейі бұрмаланғанын айтты. Оның сөзінше, өзі де жеті атаға толмай қыз алысуды қолдамайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар Астана күніне орай 3 күн демалады

Redaktor Shyn-Ar

Украинада Назарбаев ескерткішін бұзбайтын болды

«Қазақша оқытсам, ұтылмаймын ба?» педагог баласын орыс сыныбына беретіндерді сынады

Redaktor Shyn-Ar