Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей президенті Владимир Путиннің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін тағы да қате атауы көптің назарын аударды.
Бұл жолы Путин Қазақстан басшысын «Сагран Кемелевич» деп атаған. Бейнежазба Кремльдің Telegram арнасында жарияланды.
Айта кетейік, бұған дейін де Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін бірнеше рет шатастырған. Әртүрлі кездесулер мен жиындарда ол Қазақстан көшбасшысын «Кемел Жомартович», «Кемел-Жемелевич» және «Келемич» деп атаған еді.
