«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Неміс депутаттары үнемдеу үшін жалақысын көтеруден бас тартты

Германияның Бундестаг депутаттары 2026 жылы жалақыларын жоспарлы түрде көтеруден бас тартуды көздеп отыр. Бұл туралы dpa агенттігі парламенттегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Тиісті заң жобасын билеуші коалиция құрамындағы Христиан-демократиялық одақ, Христиан-әлеуметтік одақ және Германияның Социал-демократиялық партиясы парламент қарауына енгізбек. Бастамаға оппозициялық партиялар да қолдау білдіріп отыр.

Егер жалақы өсімі жүзеге асқанда, Бундестаг депутаттарының айлық төлемақысы шамамен 500 еуроға артып, 12 330 еуроға жетер еді. Алайда депутаттар қазіргі күрделі экономикалық және бюджеттік жағдайда үнемдеу шараларына өздері де үлес қосуы қажет деп есептейді.

Билеуші фракциялар құрылымдық реформаларды жүзеге асыру азаматтарға қосымша жүктеме түсіретінін атап өтіп, мұндай кезеңде халыққа үлгі көрсету маңызды екенін мәлімдеді.

YouGov институтының мамыр айында жүргізген сауалнамасына сәйкес, Германия тұрғындарының 85 пайызы депутаттардың жалақысын көтеруге қарсы.

Германияда депутаттардың төлемақысы елдегі атаулы табыстың өзгеруіне қарай автоматты түрде қайта есептеледі. Соңғы рет 2020 жылы пандемия кезінде депутаттар жалақы өсімінен өз еркімен бас тартса, 2021 жылы олардың төлемақысы алғаш рет төмендетілген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының су мәселесін шешуге қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

«Балаларыммен аулада жүрмін»: Экс-министр Жақсылықов өзінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Redaktor Shyn-Ar