«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілімҒылым

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президенттің АҚШ-тағы сапары аясында өткен маңызды келіссөздер жөнінде мәлімдеді.

– «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілер осы беделді орталықта білім алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады, – деп жазды министр өзінің Telegram-арнасында.

Смитсон институты — әлемдегі ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешені. Оның құрамына 21 мұражай мен галерея, сондай-ақ 14 ғылыми және білім беру орталығы кіреді. Бұл қазақстандық зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, Educational Testing Service (ETS) ұйымының басшылығымен келіссөздер жүргізілген. Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, ETS сарапшыларының қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылып, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес түбегейлі жаңғыртылады.

– ETS — тестология саласындағы ең беделді халықаралық ұйым. Олардың тәжірибесі негізінде ҰБТ-ның мазмұны мен әдістемесі жан-жақты қайта қаралады, – деді министр.

Айта кетейік, министр бұған дейін Мемлекет басшысының ETS және Смитсон институтының жетекшілерімен кездесулері жөнінде пікір білдіріп, 2026 жылдан бастап елімізде арнайы тағылымдама бағдарламасы іске қосылатынын хабарлаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Референдум алдында алаяқтар көбейіп, азаматтардан SMS код сұрап жатыр

Астанада сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары ұсталды

Премьер-министр Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті