«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратСаясат

Бақытжан Бауыржанұлы Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне ОМАРОВ Бақытжан Бауыржанұлы тағайындалды

Бақытжан Омаров 1987 жылы дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Журналистика магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының аудармашылар бөлімінде редактор-аудармашы болып бастады.

2012-2016 жылдары «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі. Түркияның «TRT» телерадиокорпорациясының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі.

2016-2018 жылдары «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының аға тілшісі. ҚР Президенті пулының тілшісі.

2018-2020 жылдары «Хабар24» арнасы жаңалықтар бөлімінің Бас редакторы.

2020-2021 жылдары Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі.

2021-2025 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы өкілі(Анкара қаласы).

Ұқсас жаңалықтар

Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау үшін Украинаға әскер жібермек

Трамп АҚШ-қа соғыстан қашып келген украиналықтарды еліне қайтармақ

Redaktor Shyn-Ar

Дулат Исабековтің рухына арнап ас берілді

Пікір жазу