«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Қазақстанда қосымша жұмыс істейтін аналар әлеуметтік төлемдерден айырыла ма: Еңбек министрлігі түсіндірді

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Министрліктің мәліметінше, курьер болып немесе басқа да қосымша қызмет атқаратын аналардың бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыларынан айырылатыны туралы хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді.
«Жұмыс істемейтін, бала күтімімен айналысатын ата-аналарға республикалық бюджет есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы шартсыз сипатқа ие және алушының кейін жұмысқа орналасқанына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық көлемде төленеді», – деп түсіндірді министрлік.
Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, әлеуметтік желілерде таралған жалған мәліметтерге ермеуге кеңес берді.

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды

Алаяқтарға несие рәсімдеу қиындайды: Қазақстанда онлайн несие рәсімдеуге жаңа шектеулер енгізіледі

Redaktor Shyn-Ar

Qazaq Air әуекомпаниясының атауы өзгереді

Redaktor Shyn-Ar