«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Депутат болу — әдемі сөйлеу емес

Депутат болу — әдемі сөйлеу емес.
Депутат — істі тындырып, сөзді азайта білу.

Жаңа Құрылтай — мемлекеттің заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Оның қабылдайтын әрбір заңы елдің дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан елдің болашағы мінбердегі әсерлі сөзбен емес, сапалы заңмен қалыптасады.

Тамара Асар, Аша Матай сияқты үміткерлердің әнді жақсы айтып немесе «Қалаулым» бағдарламасын жақсы жүргізетіндігіне емес, олардың кәсіби біліктілігіне, құқықтық сауатына, мемлекеттік басқару тәжірибесіне және заң шығару қызметіне қаншалықты дайын екеніне назар аударылуы заңды.

Құрылтай — популизмнің емес, кәсібиліктің алаңы болуы керек. Сондықтан Жаңа Құрылтайдың құрамына құқықты, экономиканы, мемлекеттік басқаруды терең меңгерген, заңның табиғатын түсінетін, ұлттық мүддені жоғары қоятын және саяси жүйеге қан жүгіртетін жаңашыл азаматтар келуі тиіс.

Сонда ғана халықтың үні мен ұлттық мүдде мемлекеттік шешімдердің өзегіне айналады.

Жалпы, халықтың қалауы — еліміздің ең лайықты азаматтарын Құрылтай депутаттары қатарынан көру.

«Ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында, тілегінің елмен ортақ болуында, ер өмірінің өрі мен көрі де ел өмірінің өрі мен көрімен бірге болуында», — дейді Мағжан Жұмабаев.

Халықтың ниетіне қарай осындай өресі биік, саналы азаматтар Құрылтайға көптеп келсе, еліміздің еңсесі биік болмақ.

Мұрат Өтебайұлы

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздегі ең үздік қымыз анықталды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден өтті

Алматыда жаңа автобус жолағы дау тудырды: Жүргізушілер кептелістің күшейгенін айтады