«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Мирзиеев алдында иілген жаңа елші сынға қалды

Қазақстанның Өзбекстандағы жаңа елшісі Ералы Тоғжановтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке Сенім грамотасын тапсыру рәсімінде түсірілген фотосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Facebook желісінде журналист Нұрболат Адырбек рәсім кезінде елшінің иіліп тұрғанына назар аударып, мұны сынға алды.

«Неге сонша иілгенін түсінбедім? Мына Тоғжанов егер Өзбекстан емес, Ресейге елші болып барғанда, алаңсыз тізерлеп отырады екен. Әлде дипломатияда осындай талаптар бар ма?» – деп жазды журналист.

Желі қолданушылары бұл мәселеде ортақ пікірге келе алмады. Бір топ қолданушы мұндай әрекет дипломатиялық хаттама талаптарына сай екенін айтса, енді бірі елшіге мұндай ишара жараспайтынын жазды.

Пікірлер арасында:

  • «Дипломатиялық этикада мұндай құрмет көрсету қалыпты жағдай».
  • «Бүкіл елдің атынан барған адамның бұлай иілгені дұрыс емес».
  • «Құлдық психологиясының көрінісі».
  • «Қытайша сәлем беру қазаққа жараспайды».

Әлеуметтік желідегі пікірлердің басым бөлігі дәл осы рәсімдегі дене қимылының дипломатиялық хаттамаға сәйкестігі төңірегінде өрбіді. Ресми органдар әзірге бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымов Шерзатты өлтірген адамның біріне кешірім берді

Amanat депутаты 140 тендерді иеленген фирманың құрылтайшысы болып шықты

Мәслихат сайлауына қатысатын кандидаттарға бөлінетін қаржы көлемі жарияланды