«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратэкономика

Қазақстан Ресей мұнайын өз зауыттарында өңдеуді қарастырып жатыр

Қазақстан Ресейден жеткізілетін мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарында қайта өңдеу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы БАҚ министрлікке сілтеме жасап хабарлады.

Жоспар бойынша Ресей мұнайынан өндірілген жанар-жағармайдың бір бөлігі Қазақстанның ішкі нарығына бағытталуы, ал қалған бөлігі қайтадан Ресейге экспортталуы мүмкін.

Министрліктің мәліметінше, бұл бастама қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және ішкі нарықтағы жанармай қорын толықтыруға бағытталған.

Әзірге өңделетін мұнайдың нақты көлемі, келісімнің талаптары және жобаға қатысатын мұнай өңдеу зауыттары анықталған жоқ. Өңделген өнімнің қай бағытқа жөнелтілетінін нарық қатысушылары өздері шешеді.

Бұл мәселе Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай тапшылығы байқалып отырған кезеңде көтеріліп отыр. Ресейдегі мұнай өңдеу нысандарына жасалған дрон шабуылдары отын өндірісіне әсер еткен. Жуырда Украина Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Ресейдегі ірі Омбы мұнай өңдеу зауытына соққы жасаған болатын.

Қазақстан әлемдік мұнай өндірісінің шамамен 2 пайызын қамтамасыз етеді. Соңғы уақытта Қазақстаннан Ресейге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері де жеткізіле бастаған.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар мен ғылыми жарияланымдар ЛГБТ насихатына жатпайды – министрлік

Димаш Құдайберген продюсерлік еткен халықаралық жобаның жеңімпазы анықталды

Астанада LRT құрылысын аяқтау үшін жер мен жылжымайтын мүлік сатылымға қойылды