«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратМәдениет

Димаш Құдайберген продюсерлік еткен халықаралық жобаның жеңімпазы анықталды

Халықаралық Voice Beyond Horizon жобасының қорытындысы жарияланып, қазақстандық өнерпаз Нұржас Садырбаев бас жүлдені жеңіп алды. Ол байқауда «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды.

Жоба Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан. Музыкалық сапар Түркістаннан басталып, Ақтау мен Алматы қалаларында жалғасып, финал елорда Астанада өткен.

Байқау барысында Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген сегіз қатысушы бірге өнер көрсетіп, Қазақстанның тарихи әрі киелі орындарын аралаған.

Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында жеңімпаз Нұржас Садырбаевты арнайы құттықтап, оның жетістігін жоғары бағалады. Өнер иесі жас әншінің халықаралық сахнада Қазақстанды лайықты танытқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұл жоба Қытайдың ірі телеарналарының бірі — Hunan Broadcasting System құрамындағы Hunan TV арнасымен бірлесіп дайындалған. Жобаның алғашқы көрсетілімі биыл ақпан айында басталса, түсірілім жұмыстары өткен жылдың қыркүйегінде қолға алынған.

Сондай-ақ байқау барысында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Нұржас Садырбаевтың әншілікпен қатар музыкалық театр мен кино саласында да тәжірибесі бар екені бұған дейін хабарланған.

Ұқсас жаңалықтар

«Телефонымды ұрлады!» – қазақстандық блогердің пранкі Қытайда заңбұзушылық ретінде қарастырылуда

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстан Ресей мұнайын өз зауыттарында өңдеуді қарастырып жатыр

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті