«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметБасты ақпарат

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге арналған орталық ашылды

Алматыда жатақхана мәселесіне тап болған студенттерге арналған арнайы ахуалдық орталық жұмысын бастады. Мұнда жоғары оқу орындарының жатақханасына орналаса алмай қалған жастарға тұратын орын табуға көмектеседі.

Орталық Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында орналасқан. Мекенжайы — Бөгенбай батыр көшесі, 142.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, университеттердің электронды жүйелері арқылы жатақханадағы орынды алдын ала брондай алмаған немесе қоныстану барысында қиындыққа кезіккен студенттер орталық мамандарына жүгіне алады.

Мамандар әр өтінішті жеке қарап, қолжетімді орындарды анықтайды. Университет жатақханаларында бос орын болған жағдайда студенттерді сонда орналастыру мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар қажет болған жағдайда серіктес ұйымдар ұсынған уақытша тұру орындары қарастырылады.

Студенттер үшін орталықта күту аймағы, демалуға арналған орын, сабақ оқуға мүмкіндік беретін арнайы бұрыш, кофе-брейк аймағы және конференц-зал жасақталған.

Өтініштерді қабылдау үшін мұнда 8 жұмыс орны жабдықталған. Олардың барлығы компьютерлермен, қажетті цифрлық деректер базаларына қосылу мүмкіндігімен және көпарналы байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген. Байланыс жүйесі бір мезетте 10 қоңырауға дейін қабылдай алады.

Жаңа орталықтың негізгі мақсаты — Алматыдағы студенттердің жатақханаға орналасуына байланысты мәселелерді жедел шешіп, оқу жылы басталған кезеңде жастарға уақытша баспана табуға қолдау көрсету.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайтын болды

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті

Redaktor Shyn-Ar

«Бұл – отбасының жеке мәселесі»: Еңбек министрлігі сәбиімен курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты