«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Шетел азаматтығын алған 35 адам жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері өзге мемлекеттердің азаматтығын алған 550-ден астам адамның Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Сонымен қатар азаматтық туралы заңнаманы бұзған 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО Көші-қон қызметінің мәліметінше, олардың 26-сы шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде тиісті органдарға хабарламаған. Ал тағы 9 адам басқа мемлекеттің азаматтығын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін пайдалануды жалғастырған.

Полицияның мәліметінше, кейбір құқық бұзушылар Қазақстан азаматтарына берілетін әлеуметтік, зейнетақы және басқа да мемлекеттік жеңілдіктерді сақтап қалу мақсатында елге кіру және Қазақстан аумағында тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланған.

Осындай фактілердің бірі облыс орталығында тұратын 64 жастағы әйелге қатысты анықталды. Ол басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан азаматтығын растайтын құжаттарды пайдалануды жалғастырған. Тексеру барысында оның қазақстандық құжаттары тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылғаны ресми түрде тіркелді.

Полиция Қазақстан заңнамасында қосарланған азаматтыққа жол берілмейтінін ескертеді. Шетел азаматтығын алған Қазақстан азаматы бұл туралы белгіленген мерзімде көші-қон қызметіне хабарлап, Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Құжаттарды уақытында тапсырмау немесе Қазақстан азаматтығын алғанын жасырған жағдайда заңнамада белгіленген жауапкершілік қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласының азаматтығы күмән тудырды

Redaktor Shyn-Ar

АЭС-ке қарсы шыққан белсенділер 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Қазақстан Иракқа ет экспорттауды бастады