«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Алматыда қала күніне орай өтетін 7 минуттық 3D-шоуға 198,2 миллион теңге жұмсалмақ

Алматыда Қала күніне орай өтетін 7 минуттық 3D-шоуға 198,2 миллион теңге жұмсалмақ. Мемлекеттік сатып алуды Алматы қаласының мәдениет басқармасы жариялаған.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сәйкес, 3D Mapping Show ҚБТУ ғимаратының қасбетіне проекцияланады. Шоу кемінде жеті минутқа созылуы керек. Бейнежазба музыка, жарық және отшашумен синхрондалатын болады.

Іс-шара 19–20 қыркүйек күндері өтеді. Ал 20 қыркүйек – Алматыда дәстүрлі түрде қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтетін Қала күні.

Техникалық талаптарға сәйкес, шоу үшін кемінде 20 кәсіби лазерлік проектор, 50 роботтандырылған жарық құрылғысы, 40 кең жолақты акустикалық жүйе және 40 сабвуфер орнатылуы тиіс.

Шоу 3D-проекцияның финалдық көрінісімен синхрондалған, кемінде жеті минутқа созылатын отшашумен аяқталады.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы Алматыда Қала күнін өткізуге 380 миллионнан астам теңге жұмсалғанын жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Депутат айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен алып тастауды ұсынды

Redaktor Shyn-Ar

«Еске түсіру оңай емес»: Марқұм Шерзаттың әжесінен сотта жауап алынды

Redaktor Shyn-Ar