«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары сатылды

Алматыдағы «Байсат» базары бірнеше сәтсіз аукционнан кейін 24,8 миллиард теңгеге сатылды. Аукционға бір ғана қатысушы келген. Жаңа иесі туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Базар алғаш рет 2025 жылдың қыркүйегінде 28,6 миллиард теңгеге сатылымға шығарылған, бірақ сатып алушы табылмаған. Кейін баға 26 миллиардқа, ал 2026 жылдың қаңтарында 24,7 миллиард теңгеге дейін төмендетілді. Сәуірдегі саудада бастапқы баға қайтадан 28,64 миллиард теңге болған.

«Байсат» Алматының Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жолы, 7 мекенжайында орналасқан. Актив құрамына шамамен 13 гектар жер, сауда павильондары, қоймалар және басқа да нысандар кіреді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында базар сауда орындарын жалға беруден 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.

Бұған дейін базар Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанның иелігінде болған. 2024 жылы Сатыбалды базардың негізгі бөлігін мемлекетке ерікті түрде тапсырды. Кейін сот шешімімен активтің тағы бір бөлігі де мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Касым-Жомарт Токаев осмотрел новый терминал аэропорта Шымкента

Кенес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова Алматы қаласына құны 900 млн теңгені құрайтын жаңа саябақ сыйлады

USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Redaktor Shyn-Ar