«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Трамп Нью-Мексико атауын «Жаңа Америка» деп өзгертуді ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Мексико штатының атауын New America («Жаңа Америка») деп өзгертуді ұсынды. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтып, жаңа атаудың көпшілік тарапынан қолдау тауып отырғанын мәлімдеді. Трамптың пікірінше, «Жаңа Америка» атауы анағұрлым беделді әрі тартымды естіледі.

Алайда Нью-Мексико губернаторы Мишель Лухан-Гришэм бұл ұсынысты қолдамады. Fox News-ке берген сұхбатында ол штаттың қазіргі атауы АҚШ құрылғанға дейін-ақ қалыптасқанын атап өтті.

Губернатор Трампты бұл ұсыныс арқылы қоғам назарын жанармай бағасының өсуі сияқты өзекті мәселелерден басқа жаққа бұруға тырысты деп айыптады.

Трамп өз бастамасын Нью-Мексиконы «сайлауды бұрмалау фактілері көп кездесетін негізгі штаттардың бірі» деп санайтынымен байланыстырды.

Бұған дейін Ақ үйдің әлеуметтік желідегі парақшасында New Mexico атауындағы «Mexico» сөзінің сызылып, орнына «America» сөзі жазылған сурет жарияланған еді. Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бұл идея бастапқыда интернеттегі әзіл ретінде пайда болған.

Бұл — Трамптың географиялық атауларды өзгертуге қатысты алғашқы бастамасы емес. Бұған дейін ол АҚШ мемлекеттік органдары үшін Мексика шығанағын «Американ шығанағы» деп атауды ұсынған. Сондай-ақ Онтарио көлін «Америка көлі» деп атау және Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп өзгерту жөнінде ұсыныстар айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Ираннан келуі мүмкін босқындарға дайын ба? СІМ пікір білдірді

Шерзат өліміне күдіктілердің туған күн тойлаған видеосы бойынша тексеріс басталды

Ресей шекарадан өту талаптарын өзгертті: нені білу керек?