«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Ғани Нығыметов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің бұрынғы ректоры Ғани Нығыметов ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Ғани Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтын және Назарбаев Университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан жастары конгресінде бастаған. 2007–2009 жылдары «Ұлттық талдау орталығы» АҚ Мемлекеттік басқару департаментінде талдаушы-сарапшы және жоба менеджері қызметтерін атқарған. 2009–2012 жылдары Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментін басқарған.

2012–2013 жылдары энергетикалық зерттеулер саласындағы ұйымдарда басшылық қызметтер атқарып, 2013–2016 жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болған. Кейін «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2018–2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде меңгерушінің орынбасары, кейін бөлім меңгерушісі болды. 2020–2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022–2023 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2023–2024 жылдары Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары болды.

2024 жылғы сәуірден бастап Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің басқарма төрағасы – ректоры қызметін атқарып келді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 12 адамның қазасынан кейін жаппай тексеріс басталды

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАҒАН «QAITADAN» ФИЛЬМІ МИЛЛИАРДТЫҚ ТАБЫСҚА ЖЕТТІ

Қазақстанда енді антибиотик сатып алу қиындайды