«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

2027 жылы қандай теңге банкноттары қолданыстан шығады?

2027 жылы Қазақстанда 500, 1 000 және 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың айналым мерзімі аяқталады.

Ұлттық банк белгілеген соңғы төлем күндері:

  • 1 000 теңге (2014 жылғы үлгі) – 2027 жылғы 27 наурызға дейін.

  • 10 000 теңге (2012 жылғы үлгі) – 2027 жылғы 27 маусымға дейін.

  • 500 теңге (2017 жылғы үлгі) – 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін.

Көрсетілген мерзімдерден кейін ескі банкноттармен дүкендерде төлем жасауға болмайды. Олардың орнына жаңа үлгідегі купюралар қолданылады.

Ал 20 000 теңгелік ескі банкноттарды ауыстыру 2027 жылы жаңа үлгідегі купюра айналымға шыққаннан кейін басталады. Ескі және жаңа банкноттар кемінде бір жыл қатар қолданыста болады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда электр энергиясының тарифтері қымбаттамақ

«Бұл – отбасының жеке мәселесі»: Еңбек министрлігі сәбиімен курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты

«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС құрылысы жақында басталатынын мәлімдеді