«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Жылжымайтын мүлік үшін 450 миллион: Үкімет «сән-салтанат» салығының шегін анықтады

сән-салтанат салығы"
көрнекі сурет

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин “сән-салтанат салығы” бойынша жаңа деректерін бөлісті.

Жұманғарин «сән-салтанат салығы» бойынша тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынатынын жеткізді.

“Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр. Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады”, – деді ол мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады.

Ұқсас жаңалықтар

Magnum дауы: Бұл — екі азаматтың арасындағы жайт — Серік Жұманғарин

Redaktor Shyn-Ar

Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

shyn_ar_admin

129 мың теңгеге дейін айыппұл: референдум алдындағы “тыныштық күні” қандай әрекеттерге тыйым салынады