«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы тағы қымбаттауы мүмкін

«Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының шекті тарифін 8,3%-ға көтеруді ұсынды. Компанияның өтініміне сәйкес, тариф қосымша құн салығынсыз бір кВт·сағ үшін 36,33 теңгеден 39,36 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Егер ұсыныс мақұлданса, жаңа тарифтер 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Айта кетейік, өңірде электр энергиясының тарифі бұған дейін де 5 маусымда көтерілген болатын.

Компания тарифтің өсуін электр энергиясын сатып алу құнының қымбаттауымен байланыстырды. 15 шілдеден бастап сатып алу бағасы бір кВт·сағ үшін 13 теңгеден 16 теңгеге дейін, яғни 23%-ға артқан.

Тарифті өзгерту туралы түпкілікті шешімді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті департаменті қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру – тым қатаң жаза – депутат

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда казино саны көбейеді

Алматыда қазақ тіліндегі жаңа мектептің ашылуын сұраған мұғалім қамауға алынды

Redaktor Shyn-Ar