«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілім

1 қыркүйектен бастап мұғалімдерге қатысты жаңа жүйе іске қосылады

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы пилоттық режимде іске қосылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығында көрсетілген.

Жаңа жүйеге қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады. Аттестаттаудан өтуді қалайтын педагогтер арнайы цифрлық платформа арқылы өтініш бере алады.

Пилоттық жоба аясында әрбір мұғалімнің кәсіби цифрлық профилі қалыптастырылады. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер мен құжаттарды автоматты түрде жинақтау және өңдеу негізінде әзірленеді.

Егер педагогтің цифрлық профилі белгіленген талаптарға сәйкес келсе, ол біліктілік бағалауынан және қызмет нәтижелерін кешенді талдаудан өтеді.

Аттестаттау қорытындысы бойынша:

  • «екінші санатты» педагогтерге «педагог-модератор» біліктілік санаты берілуі немесе расталуы мүмкін;
  • «бірінші санатты» және «жоғары санатты» педагогтерге «педагог-сарапшы» біліктілік санаты берілуі немесе расталуы мүмкін.

Педагогтердің цифрлық профилін арнайы комиссия 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында қарайды.

Қарау нәтижесінде комиссия екі шешімнің бірін қабылдайды:

  • мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді;
  • мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді.

Берілген немесе расталған біліктілік санаты бес жыл бойы жарамды болады.

Айта кетейік, пилоттық жоба педагогтерді аттестаттаудың жаңа тетіктерін сынақтан өткізуге және процесті цифрландыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Мұғалімдердің сағатын бөлу мәселесі: Асхат Аймағамбетов пікір білдірді

Атырауда 141 тендер ұтқан депутат компаниясы әкімдікпен ауыз жаласты ма?

Redaktor Shyn-Ar

Ормуз бұғазындағы шабуылдар мұнай бағасын шарықтатты