«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметМәдениет

200 мың теңгеге билет алған қазақстандықтар Дженнифер Лопес концертін көре алмады

Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертінде алаяқтардың құрбаны болған қазақстандықтар наразылық білдіруде. Әлеуметтік желілерде бірқатар тұрғындар концертке билет сатып алып, алайда Орталық стадионға кіре алмағандарын жазып жатыр. Олардың айтуынша, билеттердің бар екеніне қарамастан, кіреберістегі бақылаушылар бұл билеттердің бұрын пайдаланылғанын, дәл осы билеттермен өздерінен бұрын басқа адамдар өтіп кеткенін айтқан.

«JLO-ның кешіне алыпсатарлар арқылы екі билет алдық. Сағат 16:00-де кездесіп, стадион алдында күтіп тұрдық. Кірмек болғанда, біздің билеттер әлдеқашан қолданылғанын білдік. Қасымда тағы бірнеше әйел болды, олар да 200 мың теңгеге билет алған, бірақ олардікі де жарамсыз болып шықты», – деп жазады жәбірленушілердің бірі.

Кейбір билет сатушылар «бірінші есіктен өтсеңіздер, ешкім байқамайды», «алғашқы күзетші тым қатаң, келесіге барыңыздар» деген тәрізді ақыл-кеңес беріп, сенім ұялатуға тырысқан. Бірақ нәтижесінде, жәбірленушілер концертке кіре алмай, сыртта қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік үшін 450 миллион: Үкімет «сән-салтанат» салығының шегін анықтады

Redaktor Shyn-Ar

Атырауда балабақшада бүлдіршіннің қолы сынып, миы шайқалған: Ата-анасы кінәлілердің жазалануын талап етеді

Redaktor Shyn-Ar

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жалақысын арттыратынын хабарлады