«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

30 жыл жөндеу көрмеген: Алматыдағы Студенттер сарайының бір бөлігі құлады

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға 23 қыркүйек күні сағат 23:00-ден кейін болған. Сол уақытта ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Оқиға орнынан түсірілген видеоларда нысан маңын қалың шаң басқанын көруге болады.

Университеттің мәліметінше, Студенттер сарайы 1985-1998 жылдары салынған және шамамен 30 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген. 2023 жылы жүргізілген техникалық сараптама барысында ғимараттың көтергіш конструкцияларында елеулі ақаулар анықталған. Атап айтқанда, темірбетон ригельдері мен бағандарында деформация, таттану және түйісу орындарында ақаулар болған.

Университет бұл жағдайға ғимараттың ұзақ уақыт пайдаланылуы мен конструкциялардың тозуы әсер еткенін мәлімдеді. Сонымен қатар 2024 жылдың қаңтарындағы жер сілкіністері де нысанға қосымша әсер етуі мүмкін екенін айтты.

ҚазҰУ Студенттер сарайын бұзбай, сақтап қалу және қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған. Нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданатыны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақмыс» корпорациясы Qazaq Stroy басқаруына өтті

Redaktor Shyn-Ar

Қазақтың 40 ою-өрнегі және олардың мағынасы

АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар Семей аумағына көміледі

Redaktor Shyn-Ar