Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілерге байланысты тиісті өкімге қол қойды.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 19 әскери қызметші теңізге ағып кеткен.
Алғашқы ресми мәлімет бойынша, тоғыз әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылған. Кейін іздестіру-құтқару жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша, қаза болғандар саны 11 адамға жетті. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
25 қыркүйекте Қазақстан бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қаза болған әскери қызметшілерді еске алуға арналған жалпыұлттық аза тұту рәсімдері өтеді.
