«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚұқық

Алаяқтар әрекетін күшейтті – ІІМ ескертуі

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
көрнекі сурет

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға шетелде жұмыс іздеу және ел ішінде тұрғын үй жалдау кезінде алаяқтық әрекеттердің көбейгенін ескертіп, барынша мұқият болуға кеңес берді.

Алаяқтар көбіне өздерін кадрлық агенттік, туроператор немесе жеке тұлға ретінде таныстырып, келесі «тартымды» ұсыныстар арқылы азаматтарды алдайды:

  • Шетелде жоғары жалақы төленетін, тіл мен тәжірибе талап етпейтін жұмыс;

  • Пәтерлер мен демалыс орындарын арзан бағамен немесе науқан арқылы жалға беру.

Азаматтар алдын ала төлем жасағаннан кейін алаяқтар байланыстан жоғалып, олардың ізін табу мүмкін болмай қалады.

Алаяқтықтың негізгі белгілері:

  • Алдын ала төлем талап ету;

  • Компанияның ресми сайты, нақты мекенжайы мен лицензиясының болмауы;

  • Тек мессенджер арқылы байланыс жасап, жеке кездесуден бас тарту;

  • Жалған келісімшарттар, фейк пікірлер мен сайттарды қолдану.

ІІМ алаяқтықтың алдын алу үшін мына кеңестерді ұсынады:

  • Компанияның ресми тіркелгенін және лицензиясы бар екенін тексеріңіз;

  • Келісімшартсыз ешкімге ақша аудармаңыз;

  • Өте тиімді көрінетін ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;

  • Жеке деректеріңізді, соның ішінде төлқұжат көшірмесін, бейтаныс адамдарға жібермеңіз;

  • Шетелде жұмысқа орналасу немесе тұрғын үй жалдау үшін тек сенімді, тексерілген платформаларды пайдаланыңыз.

Министрлік азаматтарды қырағы болуға, күмәнді жағдайлар туындаса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

«Сотта қойылмаған сұрақтар»: Шерзаттың әкесі қайта шақырылды

Алматыда 18 мамырда музейлер түнде тегін ашық болады

Redaktor Shyn-Ar

Депутат ірі қалалардағы көшелерге танымал тұлғалардың атын беруді ұсынды

Пікір жазу