«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Баласы аулада боқтаса, ата-анаға айыппұл салынады

көрнекі сурет

Бала көшеде бейәдеп сөз айтса – ата-анасы жауап береді: ІІМ түсіндірмесі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі балалардың қоғамдық тәртіпті бұзуына қатысты заңнама нормаларын түсіндірді. Бейәдеп сөз айту ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық болып саналады.

Егер бала боқтап, бейәдеп сөз айтса немесе бұзақылық жасаса, жауапкершілік оның жасына қарай ата-анасына немесе өзіне жүктеледі:

Жауапкершілік жасы мен айыппұл мөлшері:

  • 12 жасқа дейін – бала әкімшілік жауапқа тартылмайды. Толық жауапкершілік ата-анасында.
     Айыппұл мөлшері: 10–15 АЕК (шамамен 39 320 – 58 980 теңге)
     ҚР ӘҚБтК 127-бабы

  • 14–16 жас аралығында – бала жауапқа тартылады, бірақ айыппұл ата-анасына салынады.
     Айыппұл мөлшері: 7 АЕК (шамамен 27 524 теңге)
     ҚР ӘҚБтК 435-бабы

  • 16–18 жас аралығында – айыппұл жасөспірімнің өзіне салынады. Алайда, егер оның табысы болмаса, ата-анасы төлейді.
     Айыппұл мөлшері: 10 АЕК-ке дейін (шамамен 39 320 теңге)
     ҚР ӘҚБтК 66-бабы

Кінәні дәлелдеу үшін қажетті материалдар:

  • куәгерлердің жазбаша арыз-шағымы;

  • бейне немесе аудиожазба;

  • интернетте жарияланған немесе жазбаша түрде орын алған қорлау фактісіне қатысты сараптама қорытындысы.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жүкті әйелдерге мемлекеттік жәрдемақыны заңсыз көбейтуге көмектескен күдікті сотталды

Redaktor Shyn-Ar

Астана LRT-де тіл өзгерісі: Қазақ және ағылшын, орысша жазу болмайды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда депутаттардың жалақысына қазынадан 7,8 миллиард теңге жұмсалады