«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Билік пен қоғам диалогы үшін жаңа орган құрылады

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 90

Қазақстанда билік пен қоғам арасындағы диалогты күшейту мақсатында жаңа консультативтік орган – «Қазақстан Халық Кеңесі» құрылмақ. Мәжіліс депутаттары осыған байланысты конституциялық заң жобасын қарауға кірісті. Сонымен қатар, Парламент палаталарының бірлескен комиссиясына кіретін депутаттарды сайлау тәртібі де пысықталуда.

«Халық Кеңесін» құру идеясы алғаш рет биыл 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында белгілі болды.

Конституция жобасына сәйкес, «Қазақстан Халық Кеңесі» – ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болады. Оның құрамына азаматтық қоғам мен түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енеді. Кеңестің қызметі мен құрылу тәртібі арнайы конституциялық заңмен реттеледі.

Кеңестің өкілеттіктері айтарлықтай кең. Ол ішкі саясат, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді, заң жобаларын ұсына алады, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтере алады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға үлкен үміт артатынын атап өткен. Оның айтуынша, «Халық Кеңесі» елдегі қоғамдық-саяси өмірдің өзекті мәселелерімен айналысатын маңызды орган болуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде екі жоғары оқу орнының атауы өзгерді

Redaktor Shyn-Ar

Түрмеде отырған адам қағаз жүзінде колледж ашып, 1,3 млрд теңгенің грантын алған

Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен науқастар іздестіріліп жатыр