«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Роман Скляр президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Ол бұрынғы қызметінен босатылды.

Бұл қызметті атқарған Айбек Дәдебаев лауазымынан босатылды.

Роман Скляр 1971 жылы Павлодарда туған. Инженер-құрылысшы, экономист және заңгер мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын жұмысшы ретінде бастап, түрлі мемлекеттік және жеке секторда қызмет атқарған.

Әр жылдары вице-министр, “Қазақстан Темір Жолы” АҚ вице-президенті, Мәжіліс депутаты, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды. 2019 жылдан бастап Премьер-министрдің орынбасары, 2022 жылдан бері бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

«Экс-президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралады» деген норма жоқ – депутат жаңа Конституция туралы

Redaktor Shyn-Ar

Касым-Жомарт Токаев: Между Казахстаном и Италией выстроены весьма прочные отношения

Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Redaktor Shyn-Ar