«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Депутат ірі қалалардағы көшелерге танымал тұлғалардың атын беруді ұсынды

Депутат Астана мен Алматыдағы көшелерге белгілі тұлғалардың есімін беруді ұсынды
ашық дереккөзден

Саттар Имашевтің 100 жылдығына орай көше атауын беру ұсынылды

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов мемлекет және қоғам қайраткері Саттар Имашевтің 100 жылдығына арналған конференцияда оның ел алдындағы еңбегін атап өтіп, бірқатар ұсыныс жасады.

Депутат Астана мен Алматыдағы көшелердің біріне Саттар Имашевтің есімін беруді, Ақтөбе облысында қайраткерді ұлықтау шараларын өткізуді, үш университет студенттеріне арнайы шәкіртақы тағайындауды және Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатуды ұсынды.

Саттар Имашев – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, ел дамуына зор үлес қосқан тұлға. Конференцияда оның саяси мұрасы мен тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы кеңінен талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан бюджетіне миллиардтар түсті. Ең көп салық төлегендер кімдер?

Redaktor Shyn-Ar

Қадір түнін қалай өткізу керек?

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ресейге барды

Пікір жазу