«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Депутат Түркістан және Жамбыл облыстарының елге масыл болып отырғанын айтты

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанның оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Түркістан және Жамбыл облыстары ел экономикасына масыл болып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанда донор саналатын өңірлер саны өте аз.

«Бұл баршаға белгілі жағдай. Оңтүстік өңірлер, соның ішінде Жамбыл мен Түркістан облыстары республикалық бюджет есебінен күн көріп отыр. Жалпы, бүкіл оңтүстік дотацияға тәуелді. Бізде нақты донор өңірлер – Атырау облысы мен Алматы қаласы. Бар болғаны үш-төрт өңір ғана бар, қалғандары – масыл. Ал халық санының көптігі шешуші фактор емес. Бұған Павлодар мен Атырау облыстары айқын дәлел», – деді Абзал Құспан.

Сонымен қатар ол жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында Павлодар облысының дотацияға тәуелді өңірлер қатарынан шығуға әлеуеті бар екенін атап өтті.

«Павлодар облысының донор өңірге айналуға мүмкіндігі зор. Қазіргі жобалар өз нәтижесін беріп жатыр», – деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Абзал Құспан Қазақстанда екінші әйел алуды заңдастыру қажет екенін айтып, қоғамда қызу талқылауға себеп болған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат ісі: Ағасының өліміне қатысты тергеу тоқтатылды

Redaktor Shyn-Ar

“Күйеуімнің еш кінәсі жоқ” – Хасан Қасымбаевтың жұбайы сот барысына қатысты пікір білдірді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда Конституцияны тұтастай өзгерту ұсынылды

Redaktor Shyn-Ar