«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚоғам

Қызылорда облысында 25 жастағы әйел жаңа туған нәрестесін 1 миллион теңгеге сатқан

Қазақстанда адам саудасы мен ауыр қылмыстық схемаларға қатысты бірқатар дерек әшкереленді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сәуір айында өткізген “STOP трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында адам саудасына байланысты 41 қылмыс тіркелген. Оның 9-ы кәмелетке толмағандарға қатысты.

Қызылорда облысында жаңа туған нәрестені сату дерегі анықталды. Тергеу мәліметінше, 25 жастағы әйел баладан бас тартқаннан кейін, қоғамдық қор жетекшісі делдал ретінде сәбиді 50 жастағы тұрғынға 1 миллион теңгеге беруді ұсынған. Үш күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда адамдарды қылмыстық мақсатта пайдаланумен айналысқан ұйымдасқан топқа қатысты тергеу басталды. Олар тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды пайдаланып, олардың атына жалған несие тарихын жасап, қымбат автокөліктер рәсімдеген. Кейін бұл көліктер Алматы мен Шымкент қалаларында сатылған. Ұйымдастырушылар ұсталып, тергеу жалғасуда.

Жетісу облысында екі жасөспірімге қатысты мәжбүрлі еңбек фактісі анықталды. 2005 және 2007 жылы туған балаларды ұрлап, бір ай бойы заңсыз ұстап, күшпен жұмыс істеткен. Қазір күдіктілер қамауда, ал зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары жастарды заңсыз әрекеттерге тартатын, оның ішінде вебкам индустриясы арқылы табыс табатын топтарды да анықтауға басымдық беріп отыр. Абай облысында бірнеше қалада порностудия ұйымдастырған ерлі-зайыпты ұсталды. Олар жас қыздарды жалдап, заңсыз түсірілімдер ұйымдастырған.

Жалпы, Астана, Алматы қалалары мен Абай, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысында заңсыз әрекеттерге байланысты 20 қылмыстық іс қозғалған. Бұдан бөлек, ВИЧ инфекциясын әдейі жұқтыру бойынша 15, ал порнографиялық материалдарды таратуға қатысты 5 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұқсас жаңалықтар

«272 475 теңгеге дейін өседі»: Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшері арттырылады

Биыл «Алтын белгі» төсбелгілерін дайындауға 230 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

ChatGPT-ге кіру қиындай ма: жасты селфи арқылы растау енгізіледі