«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады.

Құттықтауында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаудағы, елдің экономикалық әлеуетін нығайтудағы және халықаралық аренадағы беделін арттырудағы тарихи рөлін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы Сарыарқа төсіне көшіру туралы шешімнің ел дамуы үшін ерекше маңызға ие болғанын айтты.

«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһарлардың біріне айналып келеді», – делінген құттықтау мәтінінде.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылы Рамазан айы қашан басталады?

Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

shyn_ar_admin

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті