«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарСаясат

Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған зымыран және дрон шабуылдарын айыптады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Біріккен Араб Әмірліктері аумағына жасалған зымыран және дрон шабуылдарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан президенті Иран аумағынан Әмірліктерге бағытталған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылын айыптайды. Аталған әрекеттер салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға зиян келген.

Мемлекет басшысы мұндай әрекеттер Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі шиеленістіретінін айтып, қарулы қақтығысты күшейтетін қадамдарды ақтауға болмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Тоқаев халықаралық деңгейдегі кез келген даулы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы – дипломатиялық келіссөздер мен бейбіт тәсілдер екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

Ақтөбелік мұғалім бес жылдық қысым туралы мәлімдеді: шағым президентке дейін жеткен

Құрылтай сайлауына қатысуға жеті партиядан 545 кандидат тіркелді