«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Құқық қорғау органдары Хасан Касымбаевқа қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық Полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта іс материалдары тараптарға танысу үшін ұсынылған.

«Танысу процесі аяқталғаннан кейін іс айыпталушыларды сотқа беру мәселесін шешу үшін прокуратураға жолданатын болады», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ескерту: бұған дейін полиция департаменті істің сотқа жіберілгені туралы хабарлаған болатын, алайда кейінірек іс материалдары тараптардың танысу сатысында екені нақтыланды. Мәтін істің өзекті мәртебесіне сәйкес жаңартылып, тақырып өзгертілді.

Айта кетейік, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін ел арасында Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімінен кейін күдіктілердің «Хутор» қылмыстық тобына қатысы бар екені және аталмыш топтың басында Хасан Қасымбаев есімді азамат тұр деген әңгіме тараған болатын. Желіде Хасанмен түскен әншілердің суреттері тарап, көпшілік оларды сынға алған еді

Ұқсас жаңалықтар

8 облыс су тасу қаупі жоғары аймақтар қатарына кірді

Redaktor Shyn-Ar

Жамбылда жер сілкінді

Redaktor Shyn-Ar

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам киік қырылған

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу