«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҒылым

«Қазақша оқытсам, ұтылмаймын ба?» педагог баласын орыс сыныбына беретіндерді сынады

«Қазақ тілін білмесе...»: педагог баласын орыс сыныбына беретіндерді сынады
көрнекі сурет

Баланың болашағы қай тілде басталуы керек? Қазақ сыныбына берсе ұтыла ма, ұта ма? Қазақстандағы мыңдаған ата-ананы мазалайтын күрделі, бірақ аса маңызды сұрақ осы. Тәжірибелі педагог Алмас Ордабаев бұл сауалға күмәнсіз жауап береді:

«Балаңызды қазақ сыныбына беріңіз. Уақыт өте келе соның дұрыстығына көзіңіз жетеді», – дейді ол «Дөп сөз» подкасында.

Бүгін таңдалған тіл – ертеңгі тағдыр

Алмас Ордабаевтың айтуынша, болашақ еңбек нарығы қазақ тіліне қарай бет бұрып барады. Бұл жай болжам емес — бүгін басталған үдеріс. Қазірдің өзінде қазақ тілін білмейтін жас мамандар көп кедергілерге тап болып жатқанын айтады.

«Нарық ерте ме, кеш пе, түбегейлі қазақ тіліне көшеді. Қазақ тілін білмеген адам ертең өзін артық, керексіз адамдай сезінеді. Қазірдің өзінде сондай жағдайлар көп», – дейді педагог.

Қазақ тілін білмейтін маман не жоғалтады?

Ордабаевтың айтуынша, жоғары лауазымға жету үшін орыс тілі қажет болуы мүмкін, бірақ күнделікті өмірде қазақ тілін білмеу үлкен кедергіге айналуда.

«Жоғары лауазымдарға сен қазақ тілін білмесең де ала беруі мүмкін, ал орыс тілін білмесең алмайды. Бірақ қарапайым өмірде бәрі басқаша», – дейді ол.

Қазақ және орыс сыныптарындағы білім сапасы

Көптеген ата-ананың алаңдайтыны — қазақ сыныптарындағы білім сапасының деңгейі. Ордабаев бұл мәселеде де нақты жауап берді:

«Қазақ сыныбы мен орыс тіліндегі бағдарламалар арасында білім сапасы жағынан айтарлықтай айырмашылық жоқ», — деп жауап берді Алмас Ордабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Астана әкімдігі гейлер арасындағы ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді

В Казахстане сужают дороги

Жаңаөзендегі жауыздық: мектеп оқушысын әкесімен бірге ұрып-соққан

Пікір жазу