«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратДенсаулық

Қос табысы бар азаматтар медициналық сақтандыруға екі рет жарна төлеуге қарсы

Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін қос аударым қазақстандықтардың наразылығын тудыруда
фото: gov.kz

Негізгі жұмысымен қатар жеке кәсіпкерлікпен айналысатын қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне екі рет жарна төлеуге мәжбүр. Бір жарнаны — жұмыс беруші жалақыдан ұстап аударады, ал екіншісін — азамат жеке кәсіпкер ретінде өзі төлейді. Бұл жағдай еңбек етушілер арасында наразылық тудырып отыр. Олар бұл жүйені әділетсіз деп санайды.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де бұл пікірмен келіседі. Олар қос табысы бар азаматтарды екі мәрте төлеушілер қатарынан шығару қажет деп есептейді.

— Кәсіпкерлерге түсетін салықтық жүктемені азайтуды ұсынып отырмыз. Бұл мәселе, әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларында еңбек ететін жеке кәсіпкерлер үшін өзекті, — дейді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Алыстан Маратов.

Ал Медициналық сақтандыру қорының өкілдері бұл талаптың қолданыстағы заңға сай екенін алға тартады. Олардың айтуынша, жарналар табыс алынған барлық жұмыс көзінен төленуі тиіс. Дегенмен, аударым сомасының жалпы көлемі 10 ең төменгі жалақы мөлшерінен (яғни 850 мың теңгеден) аспауы тиіс.

— Жеке кәсіпкерлік — салық салудың жеке нысаны. Оны салық органдары бақылайды. Сол сияқты жұмыс берушілер де өз қызметкерлері үшін жарна аудару міндетін орындайды. Бір көзден төлеу, екіншісінен төлемеуге жол берілмейді, — деді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өкілі Забира Оразәлиева.

Мәселе Мәжіліс деңгейінде де көтерілген. Алайда әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұл жүйені әділ деп санайды.

— Бір адам үш жерде қатарынан 40 сағат жұмыс істей алмайды. Ол бір жерде 2 сағат, екінші жерде тағы 2 сағат, үшіншісінде 3 сағат жұмыс істеуі мүмкін. Яғни, әр жерден тапқан табысына қарай жарна төлеуі әділ. Бірақ бір жерде толық жұмыс істеп, бос уақытында қосымша табыс тапса, онда екі рет жарна төлеу шын мәнінде әділетсіз болуы мүмкін, — дейді депутат.

Қазіргі таңда Мәжілісте «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда. Жоба жарналарды есептеу, ұстау және аудару тәртібімен қатар, артық төленген сомаларды қайтару ережелеріне де әсер етуі мүмкін. Дегенмен, қосарланған жарна мәселесінің шешілетіні әзірге белгісіз.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылордада 16 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған басты күдіктілерге үкім шықты

Redaktor Shyn-Ar

Бішкектегі мектепке Кемел Тоқаевтың есімі беріледі

Redaktor Shyn-Ar

Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды іске асыру жоспарына қол қойды

Пікір жазу